9 сағат бұрын
«Ақтөбе» Қазақстан құраамсы қақпашысы туралы шешім қабылдады
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы
Қазақстандық қақпашы Александр Заруцкий «Ақтөбемен» келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
- «Ақтөбе» футбол клубы Александр Заруцкиймен арадағы келісімшарттың ұзартылғанын ресми хабарлайды. Саша биылғы маусымда барлық турнирлерде 31 матчқа қатысып, 7 матчта өз қақпасын құрғақ ұстады, - деп жазылған хабарламада.
Александр Заруцкий 1993 жылы дүниеге келген. 2013 жылдан бері қазақстандық «Шахтер», «Қызылжар», «Атырау», «Ертіс», «Қайсар», «Астана» клубтарында ойын көрсетті.
2024 жылдан бері ұлттық құрама сапына шақыру алып келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz