7 сағат бұрын
Наргис Мағау UEFA-ның оқу курсына қатысты
Фото: ҚФФ
Қазақстандық халықаралық төрешінің көмекшісі Наргис Магау 2026 жылғы 2-5 қараша аралығында Швейцарияның Ньон қаласында өткен УЕФА-ның халықаралық әйел төрешілер көмекшілеріне арналған бесінші оқу курсына қатысуға шақырылды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Оқу курсына УЕФА-ға мүше ұлттық қауымдастықтардан 46 әйел төрешінің көмекшісі шақырылып, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, халықаралық тәжірибе жинақтауға және өзара білім алмасуға мүмкіндік берілді.
Бағдарлама аясында дене дайындығын бағалау және халықаралық төрешілер көмекшілерінің кәсіби дамуына, сондай-ақ УЕФА жарыстарының талаптарына дайындалуына бағытталған практикалық сабақтар қарастырылды.
Наргис Мағаудың УЕФА-ның білім беру бағдарламасына шақырылуы оның халықаралық төрешілік мансабындағы тағы бір маңызды мүмкіндік және отандық әйел төрешілердің еуропалық төрешілерді дамыту бағдарламаларына қатысуын көрсетеді.
Қазақстан футбол федерациясы әйелдер төрешілігін дамытуды өзінің стратегиялық басым бағыттарының бірі ретінде қарастырады. Білім беру, дене дайындығы, тәлімгерлік және халықаралық мүмкіндіктерді кеңейтуге тұрақты көңіл бөлу арқылы Федерация төрешілік сапасын арттыруды және талантты әйел төрешілердің жоғары халықаралық деңгейге көтерілуіне жағдай жасауды мақсат етеді.
УЕФА-ның оқу бағдарламаларына қатысу осы даму үдерісінің маңызды бөлігі және қазақстандық төрешілердің кәсіби өсуіне әрі халықаралық тәжірибесін арттыруға ықпал етеді.
Еске салсақ, футболдан Молдова ұлттық құрамасы UEFA Ұлттар лигасы аясындағы алдағы Қазақстанға қарсы кездесуге шақырылған ойыншылардың тізімін жарияланды.
Біздің серіктес: Sport12kz