6 сағат бұрын
Максим Сажнев жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші орын алды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында диск лақтыру сайысында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыздың үздік көрсеткіші – 55,05 метр. Осы нәтижемен ол жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Мысыр өкілі Яхья Саваби дискіні 68,23 метрге лақтырып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ямайка спортшысы Камари Кеннеди (66,31 метр) иеленсе, үздік үштікті чилилік Витторио Горзилья (56,00 метр) түйіндеді.
Біздің серіктес: Sport12kz