3 сағат бұрын
«Манчестер Юнайтед» Почеттиноны бас бапкерлікке шақыруы мүмкін
Англиялық «Манчестер Юнайтед» клубы Маурисио Почеттиноны бас бапкер қызметіне үміткер ретінде қарастырып жатыр. Бұл туралы The Athletic басылымы хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, аргентиналық маманды АҚШ құрамасынан шақыру үшін ағылшын клубы 10 миллион доллар өтемақы төлеуі тиіс. Ал Почеттиноның жаттықтырушылар штабын бірге алып келу қосымша шығынды талап етеді.
Айта кетейік, «Манчестер Юнайтед» әзірге Майкл Кэрриктің қызметінен кеткенін ресми түрде жариялаған жоқ. Дегенмен клуб басшылығы оның орнына жаңа маман іздеп жатқаны хабарланды.
Біздің серіктес: Sport12kz