25 минут бұрын
Қостанай футболының түлегі «Тобылмен» келісімшартын ұзартты
Фото: «Тобыл» футбол клубы
«Тобыл» футбол клубы жартылай қорғаушы Жаслан Жұмашевпен келісім-шартты ұзартты, дер хабарлайды Sport12.kz .
Жаңа еңбек шарты 2027 жылдың соңына дейін жасалды.
Жаслан «Тобылдың» негізгі құрамындағы дебютін 2020 жылы Қазақстан Премьер-Лигасында өткізді. Осы маусымда ол барлық турнирде 24 матчқа қатысып, 9 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.
Сондай-ақ оның еншісінде қақпаға дәл бағытталған 11 соққы, 280 дәл пас бар, ол 55 мәрте допты қарсыласынн тартып алған.
Еске салсақ, Қазақстан жастар құрамасы Беларусь құрамасына қарсы екі жолдастық матч өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz