6 сағат бұрын
Нұралы Жақсылық «Қайсарда» қала ма - футболшы жауап берді
Фото: «Қайсар» футбол клубы
Биыл қызылордалық «Қайсар» сапында ойнаған жартылай қорғаушы Нұралы Жақсылық командадан кететін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz .
Бұл жөнінде футболшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Ойыншының құқығы елордалық «Астана» клубына тиесілі, осы жылдың соңында келісімшарт аяқталады.
Футболшы шілде айынан бастап «Қайсар» сапында жалға алу негізінде өнер көрсетіп келеді. Қазірге дейін тоғыз матчта үш гол соқты. Ойыншының нарықтық құны - 200 мың еуро.
Айта кетсек, бұдан бұрын 21 жастағы қазақстандық футболшыға Түркияның екінші дивизионындағы «Кайсериспор» клубы қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz