5 сағат бұрын
Ресми: Андрей Мартин «Ордабасы» командасынан кетті
«Ордабасы» футбол клубы мен бас бапкер Андрей Мартин өзара келісім бойынша еңбек шартын ұзартпау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport12.kz .
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Андрей Михайлович 2024 жылдың желтоқсанында «Ордабасының» негізгі командасын тізгіндеп, алғашқы маусымында-ақ команданы Қазақстан кубогының финалына алып шықты.
2026 жыл шымкенттік клуб үшін тарихи маусым болды. Андрей Мартиннің жетекшілігімен «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын да жеңіп алды. Осылайша клуб өз тарихында алғаш рет алтын дубль жасады.
«Ордабасы» футбол клубы Андрей Михайловичке атқарған еңбегі, кәсіби біліктілігі және команданың жетістіктеріне қосқан зор үлесі үшін шынайы алғыс білдіреді.
Біздің серіктес: Sport12kz