3 сағат бұрын
Андрей Мартин ҚПЛ-да мансабын жалғастыруы мүмкін
«Ордабасы» командасының бұрынғы бас бапкері Андрей Мартин алдағы уақытта Қазақстан Премьер-лигасында мансабын жалғастыруы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде Moldfootball сайтына берген сұхбатында айтты.
- Мен Қазақстанда өзімді керемет сезіндім. Осы тамаша елде тағы екі маусым өткізетінімді жоққа шығаруға болмайды, - деді ол.
Әзірге тәжірибелі маман қай командамен келісімге келгенін айтқан жоқ.
Андрей Мартин 2024 жылдың желтоқсанында «Ордабасының» негізгі командасын тізгіндеп, алғашқы маусымында-ақ команданы Қазақстан кубогының финалына алып шықты.
2026 жыл шымкенттік клуб үшін тарихи маусым болды. Андрей Мартиннің жетекшілігімен «Ордабасы» Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогын да жеңіп алды. Осылайша клуб өз тарихында алғаш рет алтын дубль жасады.
Біздің серіктес: Sport12kz