5 сағат бұрын
«Атлетико» қос жұлдызды ойыншыны қатарына қосуды жоспарлап отыр
Мадридтік «Атлетико» екі танымал футболшыны қатарына қосуды көздеп отыр. Испаниялық клуб «Арсенал» жартылай қорғаушысы Мартин Субименди мен «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Лисандро Мартинесті қарастырып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ақпаратқа сәйкес, «Атлетико» Субимендиді алуға үміткер клубтар арасында көш бастап тұр. Мадрид командасының бас бапкері Диего Симеоне де испаниялық футболшының ауысуына келісім берген. Қазір 27 жастағы ойыншы Лондон клубының негізгі құрамындағы орнынан айырылған. Бұған командадағы бәсекелестіктің күшеюі әсер еткен. Субимендиге «Челси» де қызығушылық танытып отыр.
Дегенмен «Арсенал» футболшыны кем дегенде осы маусымның соңына дейін командада сақтап қалғысы келеді.
«Атлетиконың» тағы бір трансферлік мақсаты – Лисандро Мартинес. Аргентиналық қорғаушының «Манчестер Юнайтедтегі» болашағы әзірге белгісіз. Оның жағдайына команданың тұрақсыз ойыны және спорт директоры Джейсон Уилкоксқа қатысты айтылған жария сын да әсер етіп отыр.
Біздің серіктес: Sport12kz