5 сағат бұрын
Андрей Мартинге ҚПЛ клубынан ұсыныс түсті
Молдовалық маман Андрей Мартин Қазақстан Премьер-лигасында жұмысын жалғастыруы мүмкін. Түркістандық «Тұран» клубы бапкерге команда тізгінін ұстау туралы ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Sport12.kz AmanVIBE-ке сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, келесі маусымда ҚПЛ-де өнер көрсететін «Тұран» басшылығы Мартинмен байланысқа шығып, оған бас бапкер қызметін ұсынған.
Осылайша, 2026 жылғы Қазақстан чемпионы жаңа жұмыс орнын жақын арада табуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін «Ордабасы» клубы Андрей Мартинмен келісімшартты ұзартпайтынын ресми түрде мәлімдеген еді. Молдовалық маманның жетекшілігімен шымкенттік команда 2026 жылғы маусымда Қазақстан чемпионаты мен ел Кубогын жеңіп алып, тарихи «алтын дубль» жасады.
Біздің серіктес: Sport12kz