3 сағат бұрын
«Қызыл-Жардың» бұрынғы президенті Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу жарияланды
Қаржы мониторингі агенттігі «Қызыл-Жар» футбол клубының бұрынғы президенті Григорий Лорияға мемлекетаралық іздеу жариялады. Ол 414 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды және салықтан жалтарды деген күдікке ілінген.
Тергеу нұсқасы бойынша, Лория клубтың бас бухгалтерімен бірлесіп, жалған құжаттар арқылы бюджет қаражатын заңсыз иемденген. Сондай-ақ салық есептілігіне жалған мәліметтер енгізілген.
Григорий Лория 2014–2024 жылдары клуб президенті болды. Қазір оның қайда екені белгісіз.
ҚМА оның жүрген жері туралы ақпараты бар азаматтарды +7 (7172) 70-84-78 немесе 1458 нөміріне хабарласуға шақырды.
Күдіктінің кінәсі әзірге сотта дәлелденген жоқ.
Біздің серіктес: Sport12kz