5 сағат бұрын
Италия мен Франция Ұлттар лигасында кездеседі
12 қарашадан 13 қарашаға қараған түні Милан қаласында футболдан Ұлттар лигасының бесінші туры аясында Италия мен Франция құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Италия – Франция матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 00:45-те басталады.
А дивизионының 1-тобында төрт турдан кейін Франция құрамасы 10 ұпаймен көш бастап тұр. Италияның еншісінде жеті ұпай бар.
Алдыңғы турда Италия өз алаңында Түркияны 3:1 есебімен жеңсе, Франция Бельгиядан 4:1 есебімен басым түсті.
Командалар арасындағы алғашқы кездесу 2 қазанда Сен-Дени қаласында өтіп, 1:1 есебімен аяқталған еді. 55-минутта Майкл Олисе Францияны алға шығарса, 68-минутта Алессандро Бастони есепті теңестірді.
Соңғы бес кездесуде Франция үш рет жеңіске жетсе, Италия бір рет басым түскен. Тағы бір матч тең нәтижемен аяқталған.
Біздің серіктес: Sport12kz