3 сағат бұрын
«Ордабасы» Рамазан Оразовты қатарға қосуы мүмкін
Шымкенттің «Ордабасы» клубы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразовты өз қатарына қосуға ниетті.
ASnews.kz дерегінше, клуб 28 жастағы футболшымен келісімшарт жасасу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қазір Оразов «Елімай» сапында ойнайды. Семейлік клубпен келісімі 2027 жылдың соңына дейін күшінде.
Футболшы 2026 жылғы маусымда барлық турнирде 24 ойынға қатысып, бес гол соқты және алты нәтижелі пас берді. Transfermarkt оның нарықтық құнын 600 мың еуроға бағалап отыр.
Рамазан Оразов «Елімайға» 2025 жылдың жазында Данияның «Силькеборг» клубынан ауысқан. Қазақстан құрамасында 42 матч өткізіп, екі гол соқты және екі нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, «Ордабасы» биыл Қазақстан чемпионаты мен Кубогын жеңіп алды. Шымкенттік команда 2027/28 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнайды.
Біздің серіктес: Sport12kz