2 сағат бұрын
Ұлттар лигасында бүгін сегіз матч өтеді
Бүгін, 12 қарашада футболдан UEFA Ұлттар лигасының бесінші туры басталады. Ойын күнтізбесіне сәйкес, А және С лигаларында сегіз ойын өтеді.
А лигасының бірінші тобында Түркия Бельгияны қабылдаса, Италия Франциямен кездеседі. Үшінші топта Англия Хорватиямен, Чехия Испаниямен шеберлік байқасады.
С лигасының бірінші тобында Албания Финляндиямен, Сан-Марино Беларусьпен ойнайды. Ал екінші топта Армения Кипрді қабылдап, Черногория Латвиямен ойнайды.
Бүгінгі ойындар Астана уақытымен:
- 22:00 – Түркия – Бельгия;
- 22:00 – Армения – Кипр;
- 00:45 – Италия – Франция;
- 00:45 – Англия – Хорватия;
- 00:45 – Чехия – Испания;
- 00:45 – Албания – Финляндия;
- 00:45 – Сан-Марино – Беларусь;
- 00:45 – Черногория – Латвия.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бесінші турдағы кездесуін 13 қарашада өткізеді. Отандастарымыз сырт алаңда Молдовамен кездеседі. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz