15 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы соңғы кездесуін өткізеді
16 қараша, дүйсенбі күні Астанада Ұлттар лигасының алтыншы туры аясында Қазақстан мен Словакия құрамалары кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан – Словакия матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.
Соңғы тур алдындағы С дивизионының үшінші тобындағы турнирлік жағдай мынадай: Словакия – 11 ұпай, Молдова – 7 ұпай, Фарер аралдары – 5 ұпай, Қазақстан – 2 ұпай.
Ұлттар лигасындағы соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдоваға 1:2 есебімен есе жіберсе, Словакия өз алаңында Фарер аралдарын жеңе алмады – 2:2.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының жеңіссіз сериясы жеті матчқа жетті. Джон ван ’т Схип шәкірттері жоғары дивизионға көтерілу мүмкіндігін мерзімінен бұрын жоғалтты. Дегенмен Ұлттар лигасының 2028/29 жылғы маусымынан бастап енгізілетін формат өзгерістеріне байланысты Қазақстан D дивизионына түсіп қалмайды.
Біздің серіктес: Sport12kz