6 сағат бұрын
Антони Марсьяль «Ордабасыға» келе ме? - жауабы белгілі болды
Франциялық футболшы Антони Марсьяльдың шымкенттік «Ордабасы» командасына ауысуы жөнінде нақты шешім белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
Оның айтуыншағ Антони Марсьяль «Ордабасыда» болмайды. Клуб оны қысқы трансфер ретінде қарастырмайды;
- КПЛ чемпионы жыл соңына дейін Гуцуляк деңгейіндегі кем дегенде екі трансфер жүзеге асырады. Бір ойыншымен келісімге қол жеткізілді. Екіншісі клуб жаңа бапкер тапқаннан кейін қол қойылады, - деп жазылған хабарламада.
Антони Марсьяль 1195 жылдың 5 желтоқсанында дүниеге келген. 2012 жылдан бері футболшы Францияның «Лион», «Монако», Англияның «Манчестер Юнайтед», Испанияның «Севилья», Грекияның АЕК, Мексиканың «Монтеррей» клубтарында доп тепті.
Антони Марсьяль 2015-2021 жылдары Франция ұлттық құрамасының жейдесін киді.
Еске салсақ, Испания құрамасының қорғаушысы Педро Порро мансабын жалғастыру үшін бірнеше нұсқасы болғанына қарамастан, тек «Барселонаға» ауысқысы келеді.
Біздің серіктес: Sport12kz