12 сағат бұрын
Ұлттар лигасының ширек финалына шыққан жеті құрама анықталды
УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалына жолдама алған сегіз құраманың жетеуі белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Топтық кезең қорытындысы бойынша Франция, Германия және Англия құрамалары өз топтарында бірінші орын алып, ширек финалға шықты. Ал Бельгия, Нидерланды және Испания құрамалары екінші орынмен келесі кезеңге жолдама алды.
Сондай-ақ Португалия құрамасының қорытынды орны әзірге анықталған жоқ.
Ширек финалға шығатын соңғы құрама Дания мен Норвегия арасындағы матчтан кейін белгілі болады. Бұл кездесу 17-нен 18 қарашаға қараған түні өтеді.
Ұлттар лигасының ширек финалындағы жеребе рәсімі 20 қарашаға жоспарланған. Топта бірінші орын алған құрамалар екінші сатыға тұрақтаған командалармен кездеседі.
Біздің серіктес: Sport12kz