2 сағат бұрын
Рамазан Оразов «Елімайда» тағы екі жыл ойнайтын болды
Фото: «Елімай» футбол клубы
Рамазан Оразов «Елімаймен» келісімшартын 2029 жылға дейін ұзартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы 2026 жылғы маусымда командамыз сапында 1971 минут өткізіп, 5 гол мен 5 нәтижелі пас авторы атанды.
Рамазанның мансабында Данияның «Силькеборг», Словенияның «Копер», Ресейдің «Чайка» және Латвияның «Даугавпилс» клубтарында өнер көрсету тәжірибесі бар.
Біздің серіктес: Sport12kz