3 сағат бұрын
Криштиану Роналду мансабындағы 986-шы голын соқты
Фото: championat.ru
Шабуылшы Криштиану Роналду мансабындағы 986-шы голын соқты, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл Сауд Арабиясы Про-Лигасының 9-турында «Аль-Наср» «Аль-Ахлимен» кездескен матчта болды. Ойын Сауд Арабиясының Жидда қаласындағы «Кинг Абдулла Спортс Сити» стадионында өтіп жатыр. Бас төреші — Сами Аль-Наджи.
Жарияланған сәтте матчтағы есеп «Аль-Наср» пайдасына 1:0 есебімен шешіліп тұр.
Қазіргі уақытта Роналду Португалия құрамасы сапында 146 гол, ал клубтық деңгейде 840 гол соққан.
Сауд Арабиясы чемпионатындағы 12 кездесуден кейін «Аль-Наср» 28 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орында тұр. «Аль-Ахли» 21 ұпай еншілеп, алтыншы сатыда орналасқан.
Еске салсақ, бұдан бұрын Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Антуан Гризманн Криштиану Роналдудың халықаралық мансабын аяқтауы туралы пікір білдірді.
Біздің серіктес: Sport12kz