2 сағат бұрын
Виктор Осимхен «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін
Фото: www.sporx.com
«Галатасарай» шабуылшысы Виктор Осимхен «Манчестер Юнайтед» тарапынан қызығушылық білдіргеніне риза және ағылшын клубына ауысуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz
The Sun басылымының хабарлауынша, англиялық команда 27 жастағы форвардқа тағы да қызығушылық танытты.
Дереккөздің мәліметінше, «Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері Маурисио Почеттино шабуылшы позициясын күшейткісі келеді, ал Осимхен әлі де ағылшын Премьер-лигасында ойнауды армандайды.
Ойыншының ыстамбұлдық клубпен келісімшарты 2029 жылдың маусымына дейін есептелген және сатып алу опциясын қамтымайды.
Осимхеннің «Галатасарайдағы» жалақысы 15,5 млн еуроны құрайтыны және ол «МЮ»-де де осындай жалақыға келісері хабарланды. Ыстамбұлдық клуб ойыншыны 95-120 млн еуроға бағалайды. Басылымның ақпараты бойынша, жазда ауысу нұсқасы анағұрлым шынайы көрінеді.
Еске салсақ, шабуылшы Криштиану Роналду мансабындағы 986-шы голын соқты.
Біздің серіктес: Sport12kz