2 сағат бұрын
«Реал Мадридтің» Браим Диасқа қатысты нақты шешімі анықталды
Фото: www.readfootball.com
Испаниялық «Реал Мадрид» жартылай қорғаушы Браим Диаспен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Sport12.kz
Бұл туралы El Chiringuito TV басылымы мәлім етті.
Дереккөздің мәліметінше, жаңа келісім 2031 жылдың жазына дейін есептелген .Ойыншы үшін өтемақы сомасы 1 млрд еуроны құрайды.
Жаңа мәміле жасалғаны туралы келесі аптада жарияланатыны хабарланады.
Бұған дейін «корольдік клуб» негізгі қақпашы Тибо Куртуамен келісімшартты ұзартқан. Оған дейін жартылай қорғаушылар Орельен Тчуамени мен Арда Гюлер клубпен жаңа келісімге қол қойған еді.
Биылғы маусымда Диас «Реал» сапында Ла Лига мен УЕФА Чемпиондар лигасында тоғыз матчқа қатысты. 27 жастағы ойыншының еншісінде үш нәтижелі пас бар.
Біздің серіктес: Sport12kz