9 сағат бұрын
«Шахтёр» қақпашылар шебін күшейтуді көздеп отыр
Фото: «Шахтёр» футбол клубы
Қарағандылық «Шахтёр» ҚПЛ-ға оралуға белсенді дайындалып жатыр. Қорғаныс шебін күшейткеннен кейін спорттық блоктың назары қақпашы позициясына ауысты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде спорт журналисі Эльдар Аманбаев жазды.
Командада тәжірибелі Игорь Шацкий бар. Ол ойын мансабын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Алайда Премьер-лигада қойылған міндеттерді орындау үшін қаарғандылық клуб жаңа маусым алдында қақпашылар арасындағы бәсекелестікті арттыруды көздеп отыр.
- Менің ақпаратым бойынша, «Шахтёрдың» шорт-парағында «Тобылдан» Сұлтан Бусурманов, «Қайсардан» Нұрымжан Салайдин, «Атыраудан» Нұрасыл Тоқтаров, сондай-ақ басқа да үміткерлер бар, - деп жазды Эльдар Аманбаев.
Еске салсақ, елордалық «Астана» командасына жаңа инвестордың қай команда екені белгілі болды.
Біздің серіктес: Sport12kz