6 сағат бұрын
Литвалық қорғаушы «Астанадағы» орнын сақтап қалды
Фото: «Астана» футбол клубы
«Астананың» литвалық қорғаушысы Кипрас Казуколовас келесі маусымда клубта қалатынын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Казуколовас «Астана» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетеді. Өткен Қазақстан Премьер-Лигасы маусымында Кипрас клуб үшін 18 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.
Transfermarkt.de сайты литвалық футболшыны 700 мың еуроға бағалайды. «Астананың» 2026 жылғы Қазақстан чемпионатындағы өнеріне келсек, елордалық команда қола медальға ие болып, келесі маусымда Конференция лигасында өнер көрсетеді.
Айта кетсек, елордалық «Астана» командасының шабуылшысы Ннамди Франклин Аханону Қазақстан чемпионатынан кететін болды.
Біздің серіктес: Sport12kz