03.03.2025
Магнус Карлсен джинсиі 36,1 тыс долларға бағаланды
Фото: sovsport.ru
Норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен рапид бойынша әлем чемпионатында дауға айналған өз джинсиін акционда сатып жіберді. Бұл жөнінде Карлсен өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті. Джинси 36,1 тыс долларға бағаланды.
Карлсен әлем чемпионатында дресс-кодты сақтамағаны үшін жарыстан шеттетілді. Ол өзінің кезекті ойынында джинси киіп келген еді. Оны классикалық шалбарға ауыстырудан бас тартты. Содан кейін норвегиялық шахматшы Халықаралық шахмат федерациясы өткізген турнирлерге қатыспайтынын атап өтті.
Содан кейін аталған ұйымның басшысы Аркадий Дворкович блицтен әлем чемпионатындағы дресс-кодқа байланысты ережені жеңілдетуге шешім қабылдады. Оыдан соң Карлсен жарысқа қатысты. Ресейлік Ян Яном Непомнящий екеуі бірінші орында өзара бөлісті.
Магнус Карлсен 34 жаста, ол классикалық шахматтан 16 дүркін әлем чемпионы және әлемдік рейтингтің көшбасшысы.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан