05.03.2025
«Ливерпуль» бас бапкері дәл қазіргі сәттегі Еуропадағы ең үздік команданы атады
«Ливерпуль» бас бапкері Арне Слот Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы «ПСЖ»-ге қарсы алғашқы матч алдында Еуропадағы ең үздік команда жайлы ойын білдірді.
«Менің ойымша, қазіргі уақытта Еуропадағы ең үздік команда әлі де «Реал». Өйткені ол өткен маусымда Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Меніңше, ең алдымен бұл турнирді ұтуыңыз керек. Содан кейін ғана өзіңізді үздік команда деп атай аласыз», – деп келтіреді Слоттың сөзін Liverpool.com.
Бұған дейін «ПСЖ» бас бапкері Луис Энрике соңғы жылдары «Ливерпуль» Еуропаның ең үздік командаларының бірі болғанын айтқан еді.
Мадридтік «Реал» – УЕФА Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазы. Сондай-ақ, «корольдік клуб» бұл турнирді 15 рет жеңіп алған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов