Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 70 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

06.03.2025

Евгений Яровенко: Мен үшін QJ Лигасында жұмыс істеуге өте ыңғайлы және қызықты

Евгений Яровенко: Мен үшін QJ Лигасында жұмыс істеуге өте ыңғайлы және қызықты

Фото: Runasport.com

Футболдан КСРО құрамасы сапында қазақстандық жалғыз Олимпиада чемпионы Евгений Яровенко Қазақстан футболының болашағы еңбек етуді жалғастырып келеді. Ол үш жылдай бұрын Freedom QJ League-ны таңдады және өте қуанышты екенін айтады. Runasport.com сайтына берген эксклюзивті сұхбатында маман өскелең ұрпаққа арналған өз шешіміне байланысты ойын айтып берді.

- Евгений Викторович, сіздің еңбек жолыңызда әсерлі бапкерлік қызмет ерекше екені белгілі. 2022 жылға дейін Қазақстан және Украина клубтарында қызмет атқарғандығыңызды білеміз. Неге оны ауыстыруды жөн санадыңыз және Freedom QJ League сарапшы болу жолын таңдадыңыз?

- Сіз білесіз, әрбір мФото: Runasport.comаманның, бапкердің өмірінде оны өзгертетін сәттер болады. «Ешқашан «ешқашан» деп айтпа» деген қағида бар емес пе? Оған қоса менде жастармен жұмыспен жақсы тәжірибе бар. Донецкілік «Шахтер» құрылымында 5 жыл жыл қызмет атқардым.

Мен жастар футболы дегенді жақсы білемін. Оған әрқашан назар аудардым. Барлығы олардың біздің футболдың жақын болашағы екенін жақсы түсінеді. Өзімнің ойыншы және бапкер ретінде баға жетпес бай тәжірибемді ескере отырып, мен өз білімімді алдағы уақытта футболшыларды оқытатын бапкерлерге бергім келеді.

Біздің ұжымда УЕФА нұсқаушылары Игорь Михайлович Шпанера және Дмитрий Валерьевич Васильев, жастар құрамасының бапкері Бауыржан Сағындық, атаулы бапкердің бірі Дмитрий Алексеевич Огай және әйелдер футболы жөніндегі талдаушы-сарапшы Жанна Малғаждарова бар. Freedom QJ League әрбір қызметкері тарихты жасап жатыр.

Қазір барлық команда Лигада ойнауға ұмтылады және қатысуға ниет білдіреді. Қараңызшы, егер 2020 жылы QJ League турнирінде 12 команда қатысса, ол 2024 жылы –32командаға жетіп, биылғы жылы 54 команда қатысатын болды. Яғни, Лига жеті мильдік қадаммен жүреді. Алдағы уақытта оның аясы кеңейе түседі деп ойлаймын.

Сондықтан қазір QJ League аясында жұмыс жасау өте қолайлы және өте қызықты болып отыр. Спорттық-сараптамалық блокқа қатысты айтар болсам, біз семинар өткіземіз, клубтарға барамыз, соңғы қазіргі заманғы бағдарламалар бойынша бапкерлерді оқытамыз. Атап айтқанда, олардың қатарында цифрландыру, егжей-тегжейлі сараптау, жоспарлау бар. Мамандарға бай тәжірибемізді үйретеміз. Ең бастысы, олар оны бойына сіңіріп, үйренуге тырысады.

- Freedom QJ League бойынша ерекше ұнайтын нәрсе қандай?

- Бала кезден бергі досым, жерлесім Рохус Рохусович Шох маған QJ League сарапшы-талдаушысы және амбассадор болу жөнінде ұсыныс жасағанда ойланбастан келістім. Мен оны ұзақ жылғы тәжірибесі бар тиянақты жетекші ретінде жақсы білемін. Әртүрлі жылдарда ол футбол менеджері, футбол клубтарының вице-президент, президент қызмет атқарды.

Шамамен үш жыл бұрын ол Қазақстан футбол федерациясымен бірлесіп Еуропада теңдесі жоқ жобаны құрды. Оған Freedom QJ League байқау кеңесінің басшысы Тимур Русланович Турловты инвестор ретінде тартты.

Ол кәсіпқой команданы жинай білді. Бұл медиа, маркетинг, заңгерлерге қатысты. Әрине, оның спорттық-сараптамалық блокқа да қатысы бар, қазіргі уақытта маған онда еңбек ету бақыты бұйырды. Оған белгілі маман Арсен Инкарбеков басшылық жасайды.

-2007 жылы сіз Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері қызметін атқарғаныңызды жақсы білеміз. Сіздің ойыңызша, сол кезден бері жастар және ересектер футболында қандай нәрселер өзгерді?

- Мен үшін жастар құрамасында екі ойында басшылық жасау бақыты бұйырды. Бұл Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары еді. Алғашқы ойында Мәскеуде Ресей құрамасынан 0:4 есебімен жеңіліп қалдық. Екінші кездесуде Грузияны 4:1 есебімен тізе бүктірген едік.

Сол уақытта әрдайым бапкердің басында Б жоспары болуы ой түйдім. Әсіресе, ол уақыт тапшылығы болған уақытта өте қажет. Мен үшін уақыт өте тапшы еді. Екі ойынға небәрі екі апта қалған болатын. 

Ол кезеңде бапкерлер штабында ойын мәнері мен жүйесін өзгертуге мүмкіндік болды. Осының нәтижесінде көрсеткішке қол жетті. Өкінішке қарай, одан кейін мен үшін жастар құрамасында қызмет атқаруға мүмкіндік болған жоқ.

Сол уақыттан бері жастар және ересектер футболында не өзгерді? Негізгі, басты проблема клубтардың инфрақұрылымына қатысты болса керек-ті. Бізде қазіргі күні стадиондар жетіспейді, жаттығу алаңы жоқ, экипировка проблемасы бар. Осыған байланысты біз өзбек бауырлардан да қалыс қалып тұрмыз, олар футболды дамыту бағытында айтарлықтай серпіліс жасай білді.

Бапкерлер үшін лайықты жалақы, оқыту, шетел мен өзімізде техникалық орталықтарда тәжірибе арттыру жүзеге асса, бізді жарқын болашақ күтіп тұр. 

- Жақында қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев алдағы уақытта Лондонға баратыны белгілі болды. Сіз қалай ойлайсыз, АПЛ-дағы оның болашағы қандай?

- Бүкіл Қазақстан қазір Дастан Сәтпаевтың «Челсиге» ауысқаны жөнінде жиі айтады. Әрине, бұл - алға жасалған үлкен қадам. Оны еуропалық футболға ашылған терезе ретінде қарауға болады. Біздемұндайүміткерлерболған жоқ. Оның «Қайрат» командасының тәрбиеленушісі екенін ұмытпайық, екі маусым QJ Leagueбойынша аталған команда футбол орталығының құрамында бақ сынады. Мұнда үздік ойыншылардың бірі болды және өткен маусымда MVP болды.

Оған тек қана сәттілік тілеймін. Себеб, ол ол байыпты жігіт және жоғары деңгейдегі футболшы болуға барлық талпынысы бар.

- QJ Leagueтурнирінде талантты футболшы көп. Қалай ойлайсыз, өзге де қазақстандықтар жақын уақытта шетелдік лигаларды толықтыра ала ма?

- Бізде әрқашан өте көп талантты футболшылар болды. Ең бастысы, оларды дәл уақытында табуымыз тиіс, олардың қабілетін ашып, дамыта білгеніміз жөн.

Қазір Freedom QJ League жасөспірімдер және ересектер футболында көпір іспеттес. Қазір еуропалық чемпионатқа жақындау үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Атап айтқанда, олардың қатарында ұйымдастыру деңгейі, логистика, тамақтану, жатын орны, сырт алаңдағы ойындарға қолайлы жеткізу, апталық циклда ойнау бар. Олардың барлығы Лига есебінен төленеді.

Мен бізде болашағынан үміт күттіретін өте көп футболшы бар деп ойлаймын. Енді олар алдағы бес жылда біздің құраманың толыққанды ойынщысына айналады деп үміттенемін.

- Cіз уақытында Қазақстан, Финляндия, Украина және Түркия чемпионаттарында ойнадыңыз және бапкерлік қызмет атқардыңыз. Соңғы уақытта Түркияда Абат Айымбетов пен Бахтиер Зайнутдинов ойын көрсетіп жүр. Сіз ойнаған уақытпен салыстырғанда қазір түркиялық турнир қаншалықты өзгерген?

- Түркия чемпионатына байланысты менде жақсы естеліктер бар. Бұл осыдан 30 жылдай бұрын болған еді. Сол уақыттан бері аталған мемлекетте көп нәрсе өзгерді. Футбол естен тандыратын деңгейде өзгерді. Онда футбол саясаты қарқын алды. Оған барлығы жанкүйерлік жасайды. Бұл жақсы мағынада айтылады.

Онда әрқашан бірнеше клуб ерекшеленіп тұрады. Олардың барлығы әрдайым көшбасшылық қасиетін жойған емес. Мәселен, мұндай командалар санатында «Бешикташ», «Галатасарай», «Фенербахче», «Трабзонспор» клубтарын айта аламыз. Бұл командалар түрік футболына өң берді. Аталған клубтардың көптеген ойыншысы Түркия құрамасының қатысушысына айналды.

Енді Абата Айымбетов пен Бахтиера Зайнутдиновке қатысты айтар болсам, оларды шақырғаны өте жақсы. Олар клубтардың түрлі міндетін атқаруға күш салып келеді. Қазіргі уақытта Абат Айымбетовтің командасы суперлигадағы орнын сақтап қалу жолында күш салып жатыр. Бәлкім, бұдан кейін Абатқа өзге командалардан ұсыныс түсуі мүмкін.

Ал Өайнутдиновқа қарсы айтар болсам, ол - өте дарынды жігіт. Соңғы уақытта ол жиі жарақат алып жүр, бұл жоғары деңгейге көтерілуіне әдәуір кедергісін келтіреді. Мен оған денсаулық тілеймін, тезірек қатарға қосылсын деймін, Ол тек «Бешикташқа» қана емес, ұлттық құрамаға да пайдасын тигізетін болады.

- Сіздің ойыңызша, қазақстандық футболы жақсы жағына өзгеріп келе ме?

- Әрине, «Қайрат» футбол клубы академиясының инфрақұрылымы өте жақсы. Егер әрбір клубта осындай жағдай жасалса, біз әлдеқашан клубтық, құрама деңгейінде жоғары деңгейге көтерілетін едік.

Регламентке қатысты айтар болсам, екі мыңыншы жылдармен салыстырсақ, ол қанша мәрте өзгерді. Мәселен, легионерлерге қатысты лимит бар, оны кейде алып тастайды.

Менің ойымша, легионерлер үшін қандайда бір лимит қажет-ақ. Егер ол болмаған жағдайда біздің ойыншылар үшін тәжірибе жинақтауға мүмкіндік азая түседі.

- Өткен аптада ҚПЛ ойындары басталды. Сіз қалай ойлайсыз, турнирді кім жеңіп алады?

- Сіз менің ешқашан болжам жасаушы болмағанымды жақсы білесіз. Ойымша, «Қайрат», «Астана», «Ақтөбе», «Елиімай», «Тобыл» жүлделі үш орын үшін бір-бірінің арасында талас жүргізеді.  

Ал кім еурокубокта ойнауға мүмкіндік алады, оны алғашқы үшн турда анықтай қою өте қиын. Барлық команда нығайды, бұл – менің жеке пікірім.

- Ересектер арасындағы Қазақстан құрамасы алдында маңызды кезең тұр. Ол – әлем чемпионатына іріктеу кезеңі. Қалай ойлайсыз, 2026 жылғы әлем чемпионатында құрама өзін көрсете ала ма?

- Мен Али Алиевтің Қазақстан құрамасына жетекшілік жасап жатқанына қуаныштымын. Бұл маман біздің қазақстандық футболды егжей-тегжейлі жақсы біледі. Қазіргі сәтте біз

буындардың алмасуы, құрамның жасаруы секілді өзгерістерді көріп отырмыз.

Менің ойымша іріктеу кезеңінде болашағы зор жастар ойнауға мүмкіндік алуы мүмкін. Олар аталған халықаралық ойындар арқылы тәжірибе жинақтайды.

Кейіннен 2030 жылғы әлем чемпионатында нақты міндет қоюға болады.

- Дәстүр бойынша соңғы сұрақты қояйын. Олимпиада чемпионы ретінде футболдағы алғашқы қадамын жасағандарға балаларға не айтасыз? Ата-аналарға қандай тілегіңіз бар?

- Әркімге футболшы болу бақыты бұйыра бермейді. Егер ол саған берілсе, сен оны толықтай падалануың тиіс. Ол үшін көп еңбектенуің керек, бапкерлер ұсынатын кеңесті бойға сіңіріп, баспалдақпен жоғары қарай жүру қажет. 

Кез-келген жағдайда жетістікке өз еңбегіңімен, бапкер және ата-ананың қолдауымен жетеді.

Егер футболшы көп еңбектенсе, ол міндетті түрде жоғары жетістікке жететініне сенімдімін. Қазір QJ League чемпионаты көптеген еуропалық деңгейдегі академияларды таңғалдырып отыр.

Біз басқа елдердің әріптестерімен қарым-қатынас жасаймыз. Олардың бәрі біз қалайша көп нәрсені жасай алғанымызды сұрайды. Бапкерлерге арналған семинардың бірінде мен «Мен біреудің біз осындай ғарыштық зымыран жасадық, оған жанармай таппадық» деп айтқанын естідім. Жанармай дегеніміз - жаттықтырушылар.

Иә, бүгінде бізде көптеген жас бапкерлер бар. Тәжірибе жинақтауы үшін оларды оқытуға уақыт қажет.

Егер жақсы жағдай, жұмыс инфрақұрылымы, лайықты жалақы болса, онда маман өзін толығымен футболға арнайды және нәтиже болады.

Бірақ қалай болғанда да, меніңше, біз дұрыс бағытта келе жатырмыз. Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаровтың айтуынша, жақын арада Қарағанды, Тараз және Астанада 3 Академия салынады. Бұл мысалды басқа аймақтар алады деп үміттенеміз.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан