07.03.2025
Дэвис кубогы: Қазақстан кіммен кездеседі?
Фото: Андрей Ударцев/Қазақстан теннис федерациясы
Теннистен Қазақстан ерлер құрамасының Дэвис кубогындағы қарсыласы анықталды.
Англия астанасы Лондонда I әлемдік топтың жеребе тарту рәсімі өтті.
Соқыр жеребе нәтижесінде Оңтүстік Корея құрамасы отандастарымызға қарсылас атанды.
5 матчтан тұратын кездесулер 12-14 қыркүйек аралығында Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында өтеді.
Алғашқы үш жеңіске жеткен ұжым текетірестің жеңімпазы атанып, 2026 жылы өтетін іріктеудің финалдық кезеңіне жолдама алады.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы өткен ойында Пәкістанды 4:0 есебімен ойсырата жеңген еді. Ал қарсыластарымыз Оңтүстік Корея чехиялық теннисшілерге 0:4 есебімен жол берді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи