Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

08.03.2025

ҚХЛ: «Барыс» елордада ЦСКА командасымен кездеседі

ҚХЛ: «Барыс» елордада ЦСКА командасымен кездеседі

Фото: «Барыс» хоккей командасы

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 8 наурызда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 17:00-дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 32 мәрте кездескен. Оның 10-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 33 ұпаймен 23-орында тұрса, ЦСКА 79 ұпаймен 9-орында келеді.

Айта кетсек, «Барыс» сапындағы Қазақстан құрамасының екі қақпашысы Никита Бояркин мен Андрей Шутов жарақат алды

Енді «Барыс» бұдан кейін ҚХЛ-дың тұрақты кезеңінде бес ойынын өткізеді. Алдымен Ресейде 13 наурызда «Адмирал» (Владивосток) клубымен кездессе, 15 наурызда «Амур» (Хабаровск), 17 наурызда «Сибирь» (Новосібір) клубтарымен ойнайды.

Ал елордада 20 наурызда Ресейдің «Ак барс» (Қазан), 22 наурызда «Салават Юлаев» (Уфа) клубтарымен кездеседі.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан