08.03.2025
«Қайсар» өткен жылғы жалақы берешегінен толық құтылды
Қызылордалық «Қайсар» өткен жылғы жалақыға қатысты берешегінен толық құтылды.
Бұл ақпаратты команданың баспасөз хатшысы Ерасыл Шәрібек asi_inside арнасында мәлім етті.
- Былтыр командада ойын көрсеткен шетелдік футболшылар ФИФА-ның дауларды шешу комитетіне шағым түсіреді. Соның салдарынан команда жаңа ойыншыларды тіркей алмайды. Сол түйткілдің алдын алу мақсатында бюджеттен қарызды толықтай өтеуге тура келді, - деді ол.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан