08.03.2025
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Қытай астанасы Бейжің 14-16 наурыз аралығында шорт-тректен әлем чемпионатын қабылдайды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабаралуынша, Қазақстан құрамасының сапында Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко, Яна Хан, Зейнеп Құмарқан, Ольга Тихонова, Малика Ермек пен Алина Ажғалиева жүлдеге таласады.
Ұлттық құраманың бас бапкері – Пётр Гамидов.
Еске сала кетейік, былтырғы әлем чемпионатында Қазақстан осы спорт түрінен алғаш рет жүлде жеңіп алған. Денис Никиша 500 метрге жарыста күміс жүлдегер атанған.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан