Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

08.03.2025

«Жеңіс» сапына македониялық шабуылшы қосылды

«Жеңіс» сапына македониялық шабуылшы қосылды

Фото: «Жеңіс» футбол клубы

Македониялық 26 жастағы шабуылшы Эрдон Даци «Жеңіс» футбол клубының қатарын толықтырды.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Македондық «Вардар» футбол клубының түлегі 19 жасында түркиялық «Коньяспорға» ауысып, Түркияның жоғарғы дивизионында 42 матч өткізді. Одан кейін Бельгияның «Вестерло» клубында өнер көрсетті. 25 ойында 10 гол соғып, Бельгияның екінші лигасының жеңімпазы атанды және команданың жоғары лигаға көтерілуіне көмектесті. «Вестерло» сапында екі маусым бойы Бельгияның жоғарғы дивизионында өнер көрсетті.

Сондай-ақ, Бельгияның «Васланд-Беверен» және «Дейнзе» клубтарында ойнады. Македония жастар құрамасының бұрынғы ойыншысы. Македония ұлттық құрамасының құрамында 2023 жылы бір ойынға қатысып, дебюттік ойынында гол соқты.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан