Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

08.03.2025

Михаил Шайдоров ISU рейтингінде көш бастады

Михаил Шайдоров ISU рейтингінде көш бастады

Фото: ISU

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатындағы триумфынан кейін ISU рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

Жаңартылған рейтингте 20 жасар Михаил 2025 ұпаймен жеке дара көш бастады.

Екінші орынға 1864 ұпаймен италиялық Даниэль Грасси тұрақтаған. Ал үздік үштікті 1704 ұпаймен франциялық Адам Сяо Хим Фа түйіндеп тұр.

Айта кетейік, аталған рейтинг 2024/25 жылғы маусымның нәтижесіне негізделіп құралған.

Ал әлемдік рейтингте отандасымыз төртінші сатыға табан тіреген.

Еске салсақ, Михаил 22 ақпанда төрт құрлық чемпионатында топ жарып, Қазақстан қоржынына тарихи алтын медаль салған еді. Одан бөлек ол Қытайдың Харбин қаласында өткен IX Қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан