08.03.2025
Максим Самородов Ресей чемпионатында кезекті голын соқты
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов грозныйлық «Ахмат» сапында әдемі голымен көзге түсті.
22 жастағы Самородов Ресей Премьер-Лигасының 20-турында мәскеулік «Локомотив» қақпасына гол соқты. Кездесудің 40-минутында қазақстандық футболшы айып алаңының алдында допты қабылдап, екі қорғаушыны шеберлікпен алдап өтіп, дәл соққымен «теміржолшылардың» қақпасына гол соқты. Осылайша, есеп 1:1 болып теңесті.
Бұл гол Самородов үшін Ресей чемпионатындағы 14 матчтағы үшінші голы болды.
Қазіргі уақытта «Ахмат» турнир кестесінде 14-орында, ал «Локомотив» 4-орында тұр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов