08.03.2025
ҚПЛ: «Оқжетпес» алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Фото: «Оқжетпес» футбол клубы
Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші турында көкшетаулық «Оқжетпес» клубы «Атыраудан» басым түсті.
Кездесу барысында көкшетаулық команда бірден шабуылға көшті. Қарсылас қжым қақпасы алдында жиі бой көрсетті. Осындай сәттің бірінде қақпадан саңылау тауып кетті. Оны 6-минутта Дәурен Жұмат өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде Дамир Марат 52-минутта «Оқжетпестің» басымдығын арттыра түсті.
Ойынның 82-минутында атыраулық клубтан Барбоса есеп айырмасын қысқартты.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан