Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

12.03.2025

Әлем чемпионаты ширек финалына қазақстандық бес боксшы шықты

Әлем чемпионаты ширек финалына қазақстандық бес боксшы шықты

Фото: Olympic.kz

Бүгін, 11 наурызда Жасмин Қизатова (66 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Ол 1/8 финалда Кабо-Верде елінен келген Ивануса Перейрамен кездесті. Жекпе-жек барысында Жасмин еркін қимылдады. Қарсыласына дәл соққы беріп, ұпай санын молайтты. Төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жайна Шекербекова (54 келі) 1/4 финалға жолдама алды. 

Енді ел құрамасынан Гүлсая Ержан (81 келі) тағы бір жолдаманы сарапқа салады.

Ал Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен шаршы алаңға шығады.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан