12.03.2025
Гүлсая Ержан әлем чемпионатын ерте аяқтады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бүгін, 11 наурызда Гүлсая Ержан (81 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалынан аса алған жоқ.
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан дүбірлі додада ол 1/8 финалда қытайлық Ван Сяоменмен жекпе-жекке шықты. Нәтижесінде қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді.
Бұған дейін ел құрамасынан Анита Адишева (52 келі) 1/16 финалда сүрінген еді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Жасмин Қизатова (66 келі) 1/4 финалға жолдама алды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан