Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

12.03.2025

«ПСЖ» ширек финалға өтті

«ПСЖ» ширек финалға өтті

Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жауапты матчында «Ливерпуль» мен «ПСЖ» кездесті. Ливерпульдегі «Энфилд» стадионында өткен ойында жалғыз голды француз шабуылшысы Усман Дембеле 12-минутта соқты.

Негізгі уақыт 1:0 есебімен аяқталды. Ал қосымша уақытта гол соғылған жоқ. Пенальти сериясында «ПСЖ» төрт мүмкіндіктің барлығын жүзеге асырып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын париждік клубтың вингері Дезире Дуэ соқты. «Ливерпуль» сапында Дарвин Нуньес пен Кёртис Джонс өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмады.

Алғашқы матчта «Ливерпуль» қонақта 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сол кездесуде жалғыз голды Харви Эллиот соққан еді.

Осылайша, Луис Энрике баптайтын «ПСЖ» Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды. Енді олар келесі кезеңде «Астон Вилла» – «Брюгге» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Алғашқы матчта «Астон Вилла» 3:1 есебімен жеңіске жеткен.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан