13.03.2025
Азия ойындарының жүлдегері әлем кубогында сәтсіздікке ұшырады
Фото: Нұрғали Жұмағазы/ҰОК баспасөз қызметі
Фристайл-акробатикадан қазақстандық спортшы Аяна Жолдас Италияның Ливиньо қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің финалына шыға алмады.
Отандасымыз іріктеу кезеңінде 15 орынға тұрақтады. Финалдық бәсекеге жолдама алғашқы он екіліктен көрінген спортшыға ғана берілетін еді.
Еске салсақ, Аяна Жолдас Қытайдың Харбин қаласында өткен IX Қысқы Азия ойындарында 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алған еді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Азамат Бақи