Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

14.03.2025

Әлем чемпионаты: Жартылай финалдағы қарсыластарымыз азулы ма?

Әлем чемпионаты: Жартылай финалдағы қарсыластарымыз азулы ма?

Бүгін бокстан Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалдық жекпе-жектері өтеді. Осы орайда жерлестеріміздің қарсыластарына үңілуді жөн көрдік.

48 келі

Назым Қызайбай - Хонг Кионг Рионг (Солтүстік Корея)

Әлем чемпионатында алғаш рет жүлде алды. 1/4 финалда әлем чемпионатының қола жүлдегі Севда Асанованы (Болгария) жарыстан шығарды. Бірінші айқасында Румыния өкілін техникалық нокаутпен жеңген.

50 келі

Алуа Балқыбекова - Ан Кум Биол (Солтүстік Корея)

60 келі

Виктория Графеева - Наталья Шадрина (Сербия)

1990 жылы Ресейде дүниеге келген. 2019 жылы Ресей сапында әлем чемпионатының 1/4 финалына дейін жеткен.

2021 жылы Сербияға ауысты. 2022 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі. 2023 жылғы жаһандық додада 1/8 финалда қазақстандық Римма Волосенкоға 2:5 есебімен есе жіберген.

Париж Олимпиадасында 1/4 финалға дейін жеткен. 2024 жылғы Еуропа чемпионы.

63 келі

Аида Әбікеева - Елена Бабичева (Ресей)

2024 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.

70 келі. Наталья Богданова - Лиса Едел О’Рурк (Ирландия)

2022 жылғы әлем чемпионы.

+81 келі

Елдана Талипова - Дариа Сазонова (Молдова)

2024 жылғы Еуропа чемпионы.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан