Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

14.03.2025

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: Julian Finney/Getty Images

Қазақстанның нөмірі бірінші ракеткасы АҚШ-тың Финикс қаласында өтіп жатқан Arizona Tennis Classic ATP Challenger турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Жарыстың 1/8 финалында Александр Бублик (АТР: 82) аустралиялық теннисші Ринки Хиджикатаны (АТР: 83) тізе бүктірді.

Қос теннисші арасындағы кездесу 1 сағат 49 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласынан 2:1 (6:2; 5:7; 6:3) есебімен басым түсті.

Енді Бублик ширек финалда франциялық теннисші Корентен Мутемен (АТР: 79) кездеседі. Аталған ойын бүгін, 14 наурыз сағат 23:00-ге жоспарланған.

Айта кетейік, дүбірлі доданың жалпы жүлде қоры 250 мың долларды құрайды.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан