14.03.2025
Ұлттық құраманың футболшысы Асхат Балтабеков қарсы ойнаған ең қиын қарсыласын атады
Pluste Bol жобасына сұхбат берген«Жеңіс» командасының қорғаушысы Асхат Балтабеков ел чемпионатындағы әсерімен бөлісті.
Асхат Қазақстан чемпионатының екінші турында «Жеңістің» қостанайлық «Тобылға» қарсы ойынын саралап, ел чемпионатында қарсы ойнаған ең мықты футболшыны атады.
«Мен қарсы ойнаған мықты қарсылас — осыдан 3-4 жыл бұрын мансабының шыңында болған Марин Томасов. Бұдан бөлек „Қайраттың“ сапында ойнаған Вагнер Лавты атай аламын», — деді Балтабеков.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов