Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

14.03.2025

Стойчо Младенов «Қайсардан» неге қашып кетті?

Стойчо Младенов «Қайсардан» неге қашып кетті?

Фото: shakhter.kz

Елдің арасында қызылордалық «Қайсар» командасында 2017-2020 жылдары бас бапкер қызметін атқарған болгариялық Стойчо Младенов қызметінен қашып кетті деген әңгіме бар.

Шын мәнінде солай болды ма? Бұл жөнінде команданың дәрігері Сәкен Дөңесов YouTube-нің asi_inside арнасында айтып берді.

- Стойчо Младеновті бапкерлік қызметінде тәжірибелі маман деп білемін. Алайда адамгершілік тұрғыда мінезі түсініксіз еді. Ал оны қашып кетті деген әңгімеге байланысты мына мәселені айтамын. 2020 жылы пандемия болды. Еліміздің барлық командасы Алматы қаласында ойнады. Апта сайын медициналық сынақ тапсырып жатамыз. Сол уақытта барлық мемлекет қауіпсіздік ретінде шекарасын жауып жатты. Соңғы екі ойын қалғанда болгариялық бапкерлік құрам рұқсат сұрап еліне қайтып кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ олардың қатарында болгариялық футболшылар да болды. Бұл жөнінде команда басшылығына ескерткен екен, - деді ол. 



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан