4 сағат бұрын
«Интер» «Шахтерге» қарсы матчта жеңісті жұлып алды
Италияның «Интер» клубы өз алаңында Украинаның «Шахтер» командасын УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда жеңді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Матчтың шешуші сәтінде алаң иелері бір ойыншыға кем болды. «Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони 66 және 68-минуттарда екі сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Алайда сан басымдығына ие болған донецкілік команда жеңілістен құтыла алмады.
Осылайша, «Интер» биылғы Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, еншісіне үш ұпай қосты. Ал «Шахтердің» қоржынында төрт ұпай қалды.
Келесі турда миландық клуб 4 қарашаға қараған түні Қазақстан уақытымен 01:00-де Нидерландтың «Фейеноорд» командасымен сырт алаңда кездеседі. Ал «Шахтер» 3 қарашада өз алаңында Португалияның лиссабондық «Спортинг» клубын қабылдайды. Матч Қазақстан уақытымен 22:45-те басталады.
Біздің серіктес: Sport12kz