Матч орталығы
Чемпионшип Футбол Чарльтон Чарльтон 1:3 Аяқталды Норвич Норвич Чемпионшип Футбол Шеффилд Шеффилд 1:1 Аяқталды Дерби Дерби Ла Лига Футбол Райо Вальекано Райо Вальекано 0:3 Аяқталды Эльче Эльче А сериясы Футбол Комо Комо 2:0 Аяқталды Сассуоло Сассуоло А сериясы Футбол Кальяри Кальяри 0:2 Аяқталды Болонья Болонья Премьер-Лига Футбол Ордабасы Ордабасы 1:1 Аяқталды Жеңіс Жеңіс Алматы мужчины Теннис Даниил Медведев Даниил Медведев 1:0 Бас тарту Александр Бублик Александр Бублик Бундеслига Футбол Кельн Кельн 0:0 Аяқталды Шальке Шальке Бундеслига Футбол Майнц Майнц 2:3 Аяқталды Вердер Вердер Бундеслига Футбол Лейпциг Лейпциг 4:0 Аяқталды Эльверсберг Эльверсберг Бундеслига Футбол Аугсбург Аугсбург 1:1 Аяқталды Унион Унион Бундеслига Футбол Падерборн Падерборн 1:0 Аяқталды Гамбург Гамбург Чемпионшип Футбол Вулверхэмптон Вулверхэмптон 1:0 Аяқталды Уотфорд Уотфорд Премьер-лига Футбол Ковентри Ковентри 0:1 Аяқталды Фулхэм Фулхэм Премьер-лига Футбол Арсенал Арсенал 2:0 Аяқталды Эвертон Эвертон Чемпионшип Футбол Престон Престон 1:1 Аяқталды Вест Бромвич Вест Бромвич Чемпионшип Футбол Кардифф Кардифф 1:0 Аяқталды Бирмингем Бирмингем Чемпионшип Футбол Линкольн Линкольн 4:1 Аяқталды Бернли Бернли Чемпионшип Футбол Вест Хэм Вест Хэм 2:3 Аяқталды Саутгемптон Саутгемптон Ла Лига Футбол Расинг Расинг 2:1 Аяқталды Эспаньол Эспаньол

02.09.2024

Түркістаннан «Бірлік керуені» елордаға аттанды

Түркістаннан «Бірлік керуені» елордаға аттанды

Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Осыған байланысты Түркістан облысынан «Бірлік керуені» жобасы ұйымдастырылып, түркістандық керуен елордаға жолға шықты. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, торсықты теңге ілуден ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия, Әлем чемпионы, ҚР чемпионатының 10 дүркін, Ересектер арасында ҚР чемпионатының 15 дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының негізгі құрамының мүшесі Ғалымжан Изжановқа тапсырды. Қатысушыларға жеңіс тіледі.

– Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының өту бағыты спорттық, мәдени және ғылыми бағдарламалар бойынша жүзеге асады. Сондықтан, маңызды шараның өтуіне өңір спортшылары ғана емес, мәдениет және ғылым өкілдері де атсалысатын болады. 
Бұл жобада әр облыстың белігілі спортшылары бастаған керуен жергілікті жердегі қасиетті бұлақтар мен құдықтардан су алып, арнайы торсықпен Астана қаласына жеткізетін болады.
Осыған орай, су алу рәсімін өткізуде Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішіндегі Құдықханабұлақ көзі таңдалып отыр. Қазір ғана біздің спортшыларымыз бастаған арнайы топ құдықхана ішінен су алып, алдарыңызға келді. Мен осы орайда, көшпенділер ойындары өтетін негізгі алаңға облыстың ыстық сәлемін, қасиетті суды жеткізетін керуенге сәттілік тілеймін! Бұл додада ел намысын қорғайтын облыс спортшылары қуантарлық нәтиже көрсетеді деп сенемін, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары спорттың 21 түрі бойынша өтеді. Оған әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы, бапкерлер мен өкілдер қатысып, негізгі жүлделерді сарапқа салмақ. Оның ішінде спорттың 13 түрі бойынша Қазақстан құрамасының сапында Түркістан облысынан 29 спортшы қатысады.


Біздің серіктес: Sport12kz