08.03.2025
Неймар Бразилия ұлттық құрамасына шақырту алғанына жауап берді
«Сантос» шабуылшысы Неймар 1,5 жылдан кейін Бразилия ұлттық құрамасына шақырту алғанын үнсіз қалдырмады.
«Қайта оралғаныма қуаныштымын!» – деп жазды Неймар әлеуметтік желіде.
Оның Бразилия құрамасындағы соңғы ойыны 2023 жылғы 18 қазанда өткен. Сол кезде бес дүркін әлем чемпиондары 2026 жылғы ӘЧ іріктеуінде Уругвайға 0:2 есебімен есе жіберген болатын. Неймар бұл матчта бір тайм ғана ойнады.
Наурыз айында Бразилия құрамасы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Колумбия және Аргентина құрамаларымен кездеседі.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов