4 күн бұрын
Қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Кореяны ірі есеппен жеңді
Қазақстанның әйелдер хоккей құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Турнирдегі үшінші матчта қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, 5:1 есебімен басым түсті. Кезеңдер бойынша есеп — 1:0, 2:0, 2:1.
Кездесудің төртінші минутында София Зубкова сан басымдығын сәтті пайдаланып, Қазақстанды алға шығарды. Екінші кезеңде Аида Олжабаева (34-минут) пен Пернеш Ашимова (37-минут) есеп айырмасын ұлғайтты.
Үшінші кезеңде Малика Алдабергенова (42-минут) тағы бір сан басымдығын жүзеге асырса, София Муравьева (51-минут) Қазақстанның бесінші шайбасын соқты. Оңтүстік Корея құрамасы матчтың 59-минутында Ким Се Линнің голымен жауап берді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Жапониядан 0:6, Қытайдан 1:2 есебімен жеңілген еді. Осылайша, Оңтүстік Кореяны жеңу қазақстандық хоккейшілер үшін биылғы Азия чемпионатындағы алғашқы жеңіс болды.
Біздің серіктес: Sport12kz