3 күн бұрын
«Барыс» Хабаровскіде «Амурмен» кездеседі
19 қазанда Хабаровскіде Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында жергілікті «Амур» мен астаналық «Барыс» кездеседі, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Амур» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де басталады.
Чемпионаттағы 16 матчтан кейін «Барыстың» еншісінде 20 ұпай бар. Ал «Амур» осыған дейінгі кездесулерде 17 ұпай жинаған.
Алдыңғы ойында астаналық клуб сырт алаңда Новосібірдің «Сибирь» командасын 1:0 есебімен жеңді. Ал Хабаровск ұжымы өз алаңында Уфаның «Салават Юлаев» клубына 3:4 есебімен жол берді.
Командалар осы маусымда бұған дейін де кездескен. 12 қыркүйекте Астанада өткен матчта «Барыс» 1:3 есебімен жеңіліп қалған еді. ҚХЛ аясындағы соңғы бес кездесуде астаналықтар «Амурды» бір-ақ рет жеңген.
Біздің серіктес: Sport12kz