3 күн бұрын
«Барыс» «Амурға» ірі есеппен есе жіберді
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Хабаровскінің «Амур» клубына 2:5 есебімен жол берді.
Хабаровскідегі «Платинум Аренада» өткен ойында алғашқы шайбаны қонақтар соқты. 11-минутта Чейз Приски мен Кирилл Савицкийдің пасынан кейін Ансар Шайхмедденов есеп ашты. Алайда арада бір минут өтпей Ярослав Лихачев таразы басын теңестірді.
Екінші кезеңде алаң иелері басымдықты өз қолына алды. 22-минутта Олег Ли «Амурды» алға шығарса, 33-минутта Кирилл Петьков құрамасы кезекті шайбаны соқты. Кезең аяқталар тұста Лихачев сандық басымдықты пайдаланып, есеп айырмасын үш шайбаға жеткізді.
Үшінші кезеңнің 48-минутында Джастин Бэйли Логан Дэйдің нәтижелі пасын голға айналдырып, «Барыстың» есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен 52-минутта Лихачев тағы бір шайба соғып, хет-трик авторы атанды. Осылайша, матч 5:2 есебімен «Амурдың» пайдасына аяқталды.
«Барыс» қарсылас қақпасына 42 соққы бағыттағанымен, нәтижелі шабуылдарды көбейте алмады. Хабаровскілік клуб 28 соққы жасаған. «Амур» қақпашысы Максим Дорожко командасының жеңісіне үлес қосты.
Айта кетейік, «Барыс» келесі ойынын 21 қазанда сырт алаңда Владивостоктың «Адмирал» клубына қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: Sport12kz