2 күн бұрын
«Барыс» ҚХЛ рейтингінде позициясын жақсартты
Астананың «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) күш индексі рейтингінде бес сатыға жоғарылап, жетінші орынға жайғасты. Жаңартылған тізім алтыншы ойын аптасының қорытындысы бойынша жасалды.
Күш индексі командалардың соңғы нәтижелерін, ойын қарқынын, фавориттерге қарсы көрсеткіштерін және жеңісті серияларын ескере отырып жасалады.
Михаил Кравец бастаған команда соңғы ойында Хабаровскінің «Амур» клубына 2:5 есебімен есе жіберді. Астаналықтар ойының басында есеп ашқанымен, басымдығын сақтап қала алмады.
«Барыс» келесі матчын 21 қазанда Владивостоктың «Адмирал» командасына қарсы өткізеді. Сырт алаңдағы матч Қазақстан уақытымен сағат 14:30-да басталады.
Қазіргі уақытта елордалық клуб 17 ойыннан кейін 20 ұпай жинаған. Осындай көрсеткішке ие Нижнекамскінің «Нефтехимик» командасы Шығыс конференциясында үшінші орында тұр. Ал 18 кездесуде 29 ұпай еншілеген Магнитогорскінің «Металлург» клубы конференция көшін бастап келеді. «Барыс» пен көшбасшы арасындағы айырмашылық – тоғыз ұпай.
Біздің серіктес: Sport12kz