18 сағат бұрын
Қазақстан чемпионатының матчы ресми түрде кейінге шегерілді
Қазақстан чемпионатындағы «Бейбарыс» пен «Номад» командалары арасындағы матчтың кейінге шегерілгені ресми түрде жарияланды. Бұл туралы Sports.kz.
Х. Доспанова атындағы мұз сарайында электр қуатының апатты жағдайда өшуіне байланысты мұз айдыны матч өткізуге жарамсыз болып қалған.
«Республикалық жарыстарды өткізу департаменті хабарлайды:
Электр қуатының апатты жағдайда өшуіне байланысты Х. Доспанова атындағы мұз сарайындағы мұз айдыны №108 «Бейбарыс» — «Номад» матчын өткізуге жарамсыз.
Клубқа байланысты емес жағдайларға байланысты матч 2026 жылғы 4 желтоқсанға ауыстырылды. Ойын Астана қаласында өтеді», — делінген ресми хабарламада.
Біздің серіктес: Sport12kz